Азия чемпионаты: финалға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі алтын алды

10.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Азия чемпионатының финалына шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі алтын медаль алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов үндістандық Сачин Сачинді 5:0 есебімен жеңді.

75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовтан басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0.

85 келі салмақта Нұрбек Оралбай да өзбекстандық қарсыласынан айласын асырды. Нұрбектің Жасурбек Юлдашевпен кездесуі 5:0 есебімен аяқталды.

+90 келі салмақта Айбек Оралбай қытайлық Данабек Байқоныспен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті.

Ал 70 келі салмақта Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейад Ишаиштен 5:0 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью