Азия чемпионаты: қазақстандық дзюдошылар командалық жарыстың финалында медаль алды

19.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында командалық жарыста тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына жасап.

Қытайда өткен чемпионаттың соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті. Қазақстан құрамасы финалға дейін жетіп, Моңғолия дзюдошыларымен белдесті.

Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрмасы тағы бір күміс медальге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью