Азия чемпионатына баратын боксшылардың тізімі жарияланды

26.03.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бокс федерациясы Азия чемпионатына баратын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы - Ұланбатырда World Boxing ұйымдастыруымен ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты өтеді.

Ерлер құрамасы:

Санжар Тәшкенбай (50 келі);

Махмұд Сабырхан (55 келі);

Оразбек Асылқұлов (60 келі);

Ертуған Зейнулинов (65 келі);

Төрехан Сабырхан (70 келі);

Сабыржан Аққалықов (75 келі);

Ерасыл Жақпеков (80 келі);

Нұрбек Оралбай (85 келі);

Сағындық Тоғамбай (90 келі);

Айбек Оралбай (+90 келі).

Әйелдер құрамасы:

Әйгерім Сәттібаева (48 келі);

Жазира Орақбаева (51 келі);

Элина Базарова (54 келі);

Ұлжан Сәрсенбек (57 келі);

Римма Волосенко (60 келі);

Лаура Есенкелді (65 келі);.

Бақыт Сейдіш (70 келі);

Валентина Хальзова (75 келі);

Надежда Рябец (80 келі);

Дина Исламбекова (+80 келі).

Айта кетері, соңғы рет бокстан Азия чемпионаты Тайландта өткен. Сол кезде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 5 күміс мен 1 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленген. Бірақ бұл чемпионат IBA-дың ұйымдастыруымен өткен.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью