Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
65 келіге дейінгі салмақта Жаңыл Бекен финалда өзбекстандық Мұхайе Нарзиллоеваға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан шешуші белдесуде қытайлық Чэньлин Суннан жеңіліп, күміс медаль иеленді.
53 келіге дейінгі салмақта Динара Даулқызы қола жүлде үшін өткен белдесуде Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Тин Чэньді жеңді.
57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль үшін өткен кездесуде Қытай Тайбэйінің балуаны Юй Сюань Чэннен басым түсті.
59 келіге дейінгі салмақ дәржесінде Айжан Мұратбай үшінші орын үшін өткен белдесуде филиппиндік Мириам Грейс Балисмені жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.