Азия даму банкі: 2026 жылы Қазақстанның ЖІӨ і 4,8% ға өседі

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Банк былтырға қатысты мәліметті де жариялады. 2025 жылы еліміздің ЖІӨ-і 6,5%-ға өсіп, ал инфляция 11,4% деңгейінде болған.

– Қатаң ақша-несие саясатының сақталуы, салық қысымының әлсіреуі инфляцияның тұрақталуына оң әсерін тигізеді. Жорамал бойынша, инфляция 2025 жылғы 11,4%-дан 2026 жылы 10,4%-ға, ал 2027 жылы 9,5%-ға дейін біртіндеп төмендейді, – деп жазылған шолуда.

Сондай-ақ, бюджет тапшылығы көрсеткіші азаяды деп болжанады. Оған салық реформасы оң ықпал етпек. Мөлшерлеменің өсуі нәтижесінде ҚҚС түсімдері де артады. Соның арқасында 2026 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,7%-ынан 2,5%-ына дейін қысқаруы мүмкін. Жорамал бойынша, бюджеттің мұнай саласынан тыс тапшылығы да ЖІӨ-нің 7,1%-ынан 4,9%-ына дейін төмендейді. Бұған Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемінің азаюы әсер етеді.

Айта кетейік бұған дейін Үкімет пен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыратынын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью