Азия ойындары 2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?

19.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді. 5 ақпан күні тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойған еді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: tripadvisor.ru

Дүбірлі додаға орай Алматыда жаңа спорттық нысандар салынбайды. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Сенат кулуарында өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық  іс-шараны өткізу құқығын алмас бұрын Алматыдағы қолданыстағы инфрақұрылымға мониторинг жүргізілген.

«Қолданыстағы спорттық нысандар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және Азия ойындарының бағдарламасын толық қамтамасыз ете алады. Сондықтан Азия ойындарын өткізу үшін қосымша жаңа спорт нысандарын салудың қажеті жоқ. Сөзімізге 2011 жылы өткен Азия ойындары мен 2017 жылы өткен 28-қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың сәтті ұйымдастырылуы дәлел», деді Серік Жарасбаев.

Келер жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Сондай-ақ вице-министр көлік ағындарын дұрыс бөлу және жарыс кестесін тиімді құру арқылы келушілер санының артуына байланысты Алматыдағы кептеліс мәселесі қиындық тудырмайтынын да атап өтті.

«2017 жылы біз кептеліс мәселесін тиімді шештік. Жалпы, қала бұл міндетті еңсере алды. Қазақстанның халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуде жеткілікті тәжірибесі бар деп ойлаймын, ал жол қозғалысын реттеуде бірлескен әрі үйлестірілген жұмыс бізге көмектеседі», деді ол.

24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды

Мәдениет • Бүгін, 12:51

Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?

Медицина • Бүгін, 12:42

Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?

Спорт • Бүгін, 12:33

Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды

Оқиға • Бүгін, 12:26

Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 12:15

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

Ата заң • Бүгін, 12:03

«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 11:50

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:45

АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр

Саясат • Бүгін, 11:37

ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды

Ата заң • Бүгін, 11:35

Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?

Әдебиет • Бүгін, 11:30

76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады

Медицина • Бүгін, 11:23

Референдумға 24 күн қалды: Астанада кері санақ таблолары орнатылды

Референдум • Бүгін, 11:20

Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті

Аймақтар • Бүгін, 11:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью