Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы екі алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитет.
© Photo : Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіАмелина Бакиева алтын медаль жеңіп алды

Амелина Бакиева алтын медаль жеңіп алды
© Photo : Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
"50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Амелина Бакиева Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты", - деп жазылған хабарламада.
Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Қартай чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.
© Photo : Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіСанжар Қартай Азия чемпион атанды

Санжар Қартай Азия чемпион атанды
© Photo : Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Осылайша, Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына төрт алтын медаль түсті. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын.