Азия ойындары: ауыр атлет Ксения Прозорова ел қоржынына екінші медальді салды

29.10.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Прозорова серпе көтеруде күміс жүлдегер атанды. Ол бір мүмкіндігін сәтті орындап, 108 келіні еңсерді. Бұған дейін отандасымыз жұлқа көтеруде де күміс медаль жеңіп алған еді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қытай өкілі Чжу Цайюнь бұл сайыста жеңімпаз атанды - 111 келі. Ал үшінші орын Иран спортшысы Части Седигхиға бұйырды - 105 келі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью