Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 1 қазан - Sputnik. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Ол ел тарихында әйелдер арасындағы жекелей сында Азия ойындарының медалін жеңіп алған алғашқы теннисші болды.
Жартылай финалда Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуаймен кездесіп, 4-6, 2-6 есебімен жеңілді.