Азия Пара ойындары 2026: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын мен күміс түсті

19.10.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: ҚР ҰОК

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын және күміс медальдарын жеңіп алды.

Пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде (R1 санат) 249,1 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл бәсекеде күміс жүлдені Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джинхо (248 ұпай), ал қоланы оның отандасы Ли Джанхо (226 ұпай) еншіледі.

Сондай-ақ ел қоржынына кезекті жүлдені пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл салды. 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 104 келі салмақты бағындырып, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Сайлану барысында үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланған Тұрсынай тек қытайлық Цуй Чжэге (120 кг) жол берді. Бұл салмақта қола медаль индонезиялық Ни Ненгах Видиасихке (97 кг) бұйырды.

Қазіргі уақытта Жапониядағы Азия Пара ойындары жалғасып жатыр.

Бүгін, 12:02

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью