Азық түлік бағасына бақылау күшейді: 15% дан жоғары үстеме баға қойған дүкендер анықталды​

03.09.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. Бақылаушы топтар үй маңындағы дүкендерді тексеріп, бизнес тарапынан орын алған заңбұзушылықтардың жолын кесіп жатыр.

Бүгінгі таңда мемлекеттің ерекше бақылауында негізгі азық-түлік өнімдерінің 31 түрі бар. Бағаны қолдан өсіруге жол бермеу үшін арнайы комиссиялар апта сайын делдалдық схемаларды да тексереді.

Тексеру нәтижелері:

28 кәсіпкерге рұқсат етілген 15%-дық сауда үстемесін асырғаны үшін айыппұл салынды;

79 бизнесмен тауарларда баға көрсеткіштерінің болмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру барысында барлығы 107 заң бұзушы анықталып, оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес шаралар қолданылды. Алдағы уақытта сауда орындарындағы бағаны тұрақты түрде бақылау жұмыстары жалғасады. 

Кеше, 17:06

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью