Азық түлік өндірісі 11,9% ға артып, 665 млрд теңгеден асты

13.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі азық-түлік санаттарының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім сары май өндірісінде тіркеліп, көлемі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.

Ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті (жаңа немесе салқындатылған) өндірісі 6,9%-ға өсті. Шұжық өнімдері 6%-ға, өсімдік майы 12,3%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер 13,4%-ға ұлғайды. Өңделген сүт 1,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 3,5%-ға, ұн 11,9%-ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға өсті.

Сусындар өндірісі де 10,2%-ға өсіп, 175,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте алкогольсіз сусындар өндірісі 43,7%-ға артып, 564,3 млн литрге жетті (өткен жылы — 392,7 млн литр).

-Жалпы статистикалық деректер еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюын көрсетеді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша отандық өнім үлесі 83%-ға жетткені туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью