Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазіргі кезде еліміз өңірлерінде дала жұмыстары басталды. Ғалымдар шаруа қожалықтарымен бірлесіп, егіс науқанының экожүйесін дамыту ісін қолға алды. Бүгінде дәстүрлі науқанға айналған үрдіс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіс басында болып, фермерлерге кеңес беріп, дала дақылдарының қауіпсіздігін, табиғи өндірісін басшылыққа алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Назира Слямова қазіргі кезде органикалық егіншілік ауыл шаруашылығының бір бағыты ғана емес, ұлт денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қарастырылып отырғанын жеткізді. Осы мақсатты іске асыру үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында тың жобалар әзірленіп жатыр.
«Соңғы жылдары әлемде органикалық егіншілікке сұраныс артып келеді. Жапония және Еуропа, АҚШ нарығы экологиялық таза өнімдердің өндірістік тиімділігіне көз жеткізіп, осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейте бастады. Зертханамызда органикалық ауыл шаруашылығы дақылдары мен дәрілік шөптерді өндіруде инновациялық технологияларды қолдана отырып, дақылдарды заманауи зерттеу әдісі іске асып жатыр. Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі өндірілген өнім көлемімен емес, оның сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты. Әлемде жыл сайын шамамен 4 миллион тоннаға дейін пестицидтер қолданылады. Химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді тұрақты қолдану салдары азық-түлік құрамына кері әсер етеді. Ағзада жиналып қалған зиянды заттар жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің жұмысына әсер етуі ықтимал. Әсіресе, балалар ағзасы мұндай әсерлерге өте сезімтал келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда азық-түлік өндірісінде түрлі жасанды қоспалар, консерванттар мен бояғыштар кеңінен пайдаланылады. Бұл да тағамның табиғилығын төмендетіп, денсаулыққа қосымша қауіп тудырады. Соңғы кезде химиялық препараттарды көп пайдалану салдарынан бұл көрсеткіш елімізде 10,6 мыңнан 18,3 мың тоннаға дейін өскен. Сонымен қатар елімізде 6 мың тоннадан астам ескірген және қауіпті пестицидтер қалдығы бар екені алаңдатады. Күнделікті тұтынатын тағам сапасының төмендеуінен үлкендер мен балалар арасында аллергия, асқазан-ішек аурулары, иммунитеттің әлсіреуі жиілеп барады», дейді профессор.
Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?
Қазіргі кезде институт ғалымдары климатқа бейімделген, экологиялық қауіпсіз агротехнологияларды дамытуға басымдық беріп отыр. Мақсаты – қауіпсіз азық-түлік және тұрақты ауыл шаруашылығы жүйесін қалыптастыру.
«Органикалық өнімдердің басты ерекшелігі – өндірісінде синтетикалық химиялық заттардың қолданылмайтындығы. Оған қатаң шектеу қойылған. Қазіргі таңда көптеген импорттық өнімдердің құрамында әсіресе соя, жүгері, рапс негізіндегі өнімдерде ГМО компоненттері болуы мүмкін. Көбінесе қайта өңделген тағамдардың құрамында кездеседі. Тұтынушы әрдайым өнімнің құрамын толық түсіне бермейді. Таңбалау жеткілікті деңгейде айқын емес болуы мүмкін. Ғылыми тұрғыдан алғанда, қазіргі рұқсат етілген ГМО өнімдері белгілі бір деңгейде қауіпсіз деп есептеледі. Алайда олардың ұзақ мерзімге сақталуы мен бірнеше буынға әсері толық зерттеліп болған жоқ. Сондықтан азық-түлік сапасы мен табиғилығы басты назарда болуы тиіс. ГМО өнімдері көбінесе өндірістік тиімділікке бағытталған. Бұл жағдайда тағамның биологиялық құндылығы мен экологиялық тазалығына қатысты сұрақтар туындайды. Сондықтан бұл бағытта бірнеше негізгі қадам маңызды: импорттық өнімдердің құрамына қатаң бақылау жүргізіп, ГМО бар өнімдерді міндетті әрі түсінікті түрде таңбалау, тұтынушылардың ақпараттану деңгейін арттыру мен отандық, экологиялық таза өнім өндірісін дамыту қажет», дейді профессор.
Қазіргі кезде зертханада ғалымдар дақылдарды өсірудің заманауи, экологиялық қауіпсіз технологияларын әзірлеу мен өндіріске енгізумен айналысады. Зертхана базасында орналасқан 23 гектар сертификатталған көпжылдық тәжірибелік алаңда өсірілген өнімдер жоғары сапасымен ерекшеленеді. Су ресурстарын үнемдеуде ақылды суғару технологияларын енгізу де зертханадағы басым бағыттың бірі. Сонымен қатар селекция саласында да ұтымды нәтижелер бар.
Зертханда дәрілік өсімдіктер бағыты белсенді дамып келеді. Дәрілік өсімдіктерді өсіру – органикалық егіншіліктің ажырамас бөлігі. Мұнда дәрілік шөптердің 23 түрін өсіру қолға алынған. Бұл – фармацевтика, косметология және табиғи (нутрицевтикалық) өнімдер өндірісі үшін құнды шикізат көзі. Сонымен қатар бұл өсімдіктердің агроэкологиялық маңызы жоғары. Олардың кейбірі зиянкестерді табиғи түрде үркітетін фитонцидтік қасиетке ие, яғни химиялық пестицидтерді қолдануды азайтуға мүмкіндік берсе, кейбірі, керісінше, араларды және басқа да пайдалы жәндіктерді тартып, санын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде егістік алқаптардағы биоалуантүрлілікті сақтауға және экожүйенің табиғи тепе-теңдігін нығайтуға көмектеседі.
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Бұдан бөлек, дәрілік өсімдіктер топырақтың жағдайын жақсартуға, эрозияны төмендетуге және агроландшафттың тұрақтылығын арттыруға оң әсер етеді. Кейбір шөптер сидерат ретінде қолданылып, топырақты органикалық заттармен байытады. Қазіргі кезде жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің нәтижесінде отандық органикалық өнімдерге ішкі нарықпен қатар көршілес елдерден, сондай-ақ Жапония және Еуропа елдерінен де сұраныс түсіп отыр. Ендігі кезекте органикалық егіншілікті дамытуға басымдық бере отырып, зертхана мамандары заманауи ғылыми тәсілдерді жетілдіруде. Десе де, ұлт денсаулығына жағымды әсері мол органикалық өнімдерді өндіруде мемлекеттік қолдау және білікті мамандар қажеттігі айқын көрініс беріп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32