B5+1 форумы: АҚШ пен ОА елдерінің экономикалық ынтымақтастығы нығайып келеді

06.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шара барысында Ерсайын Нағаспаев инвестициялық ахуалды жақсарту, институционалдық тетіктерді күшейту және тұрақты, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Қазақстанның бизнес-қоғамдастықпен және басқа да мүдделі тараптармен ашық әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Форум аясында министр АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті. Кездесу барысында өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Кездесуде Ерсайын Нағаспаев Серджио Гордың 2025 жылғы қарашада Вашингтон қаласында өткен C5+1 көшбасшыларының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысқаннан кейін Қазақстан–АҚШ қатынастарының ілгерілеуіне қосқан үлесін атап өтті.

Министр Серджио Горды 2026 жылғы 2–3 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Бірінші Орталық Азия геологиялық форумына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар форум қорытындысы бойынша министр Орталық Азия елдері мен АҚШ делегацияларының басшыларымен бірге баспасөз мәслихатына қатысып, «B5+1» форумы жұмысының негізгі нәтижелерін қорытындылады.

Еске сала кетсек, Бішкекте «Орталық Азия + АҚШ» екінші бизнес форумы өтіп жатқанын хабарладық.

Ал бұған дейін Алматыда АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы «В5+1» платформасы ресми іске қосылатынын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью