БАӘ де роботты такси іске қосылды

31.12.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Араб әмірліктерінде роботты такси қызметі коммерциялық негізде іске қосылды.

Жобаны шетелдік компания жүзеге асырған. Абу Даби әмірлігін қамтыған жаңашыл сервис толықтай автономды. Дубайдың жерүсті метросы секілді қызмет көрсетеді. Яғни, көлік жүргізушісіз басқарылады. Әзірге роботты такси баратын мекенжайлар саны шектеулі. Сынақ кезеңі толық аяқталған соң кең қолданысқа беріледі. Десе де мамандар жүйенің қауіпсіз екенін алға тартып отыр. Айта кетейік, Дубайдағы жүргізушісіз такси коммерциялық түрде келер жылдың соңына қарай жұмыс істей бастайды. Оған дейін түрлі сынақтан өтеді. Жоба әмірліктердің көлік инфрақұрылымын заманауи технологияға бейімдейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью