Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Біріккен Араб Әмірліктері Иран азаматтарына елге кіруге және оның аумағы арқылы транзиттік өтуге шектеу енгізді.
Emirates әуе компаниясының сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, ирандық паспорт иелеріне Парсы шығанағы мемлекетіне кіруге де, транзиттік сапар жасауға да рұқсат берілмейді, деп хабарлайды АА.
Бұл шешім дереу күшіне енді және БАӘ-нің резиденттік визасына ие азаматтарға да қатысты. Атап айтқанда, ирандық жолаушыларға Дубай халықаралық әуежайына кіруге және транзиттік ұшуларға қатысуға тыйым салынды.
Сонымен қатар, БАӘ аумағынан тыс жерде жүрген ирандықтарға да елге кіруге шектеу қойылды.
Әзірге БАӘ ресми органдары Emirates әуе компаниясының хабарламасына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Бүгін, 14:38