БАӘ Йемендегі әскерін қайтарады

31.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Біріккен Араб Әмірліктері Йемендегі әскери контингентін елден толық шығарады.

Ресми Абу Даби өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылдады. Бұл жайлы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Әмірліктің лаңкестікке қарсы топтары Йеменде 2019 жылдан бері қызмет етіп келген. Кей мәліметтер бойынша олар жергілікті сепаратистік ұйымдарды қолдап, қару-жарақ жеткізіп отырған. Тап осы жайт Сауд Арабиясы мен Әмірліктер арасының шиеленісуіне себеп болды. Сөйтіп күні бұрын саудиялық тарап Йеменнің оңтүстіктегі теңіз портын нысанаға алып, зымырандар тастады. Артынша әмірлік өкілдері айыптауларға қатысты еш мәлімдеме жасамай, өзіне тиесілі әскери топтарды алып шығатын болып келісті. Сондай-ақ Абу Даби Эр-Риядпен өзара ынтымақтастықты сақтауға бейілді екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью