Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК-тен шығуы мұнай нарығындағы ойын ережесін өзгертіп, белгілі бір сценарий кезінде теңгені әлсіретуі мүмкін. Мұнай бағасына қатысты қандай нұсқалар бар және қандай жағдайда бағам қайтадан психологиялық меже - 500 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін? Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК-тен шығуы мұнай нарығындағы ойын ережесін өзгертіп, белгілі бір сценарий кезінде теңгені әлсіретуі мүмкін. Мұнай бағасына қатысты қандай нұсқалар бар және қандай жағдайда бағам қайтадан психологиялық меже - 500 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін? Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
Не болды?28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ альянсынан шығатынын мәлімдеді. Бұл – мұнай өндіруші ірі елдердің бірі, сондықтан нарық бірден әрекет етіп, баға құбыла бастады.
Мұнай-газ саласының сарапшылары ОПЕК+ ұйымының ықпалы әлсіреуі мүмкін екенін айтады. Бірақ бұл Қазақстанға қалай әсер етеді, қандай сценарийлер болуы мүмкін және теңгенің жағдайы қалай болады? Бұл туралы біз экономист Жанат Нұрғалиевпен сөйлестік.
Мұнай мен теңгеге арналған үш сценарийЭкономист үш негізгі сценарийді қарастыруды ұсынады.
Бірінші сценарийЕгер әлемдегі шиеленіс сақталса, мұнай бағасы жоғары деңгейде қалуы ықтимал. БАӘ өндірісті ұлғайтса да, бұл нарыққа қысым жасамайды – баға ең көп дегенде 5–10 пайызға төмендеуі мүмкін, деп есептейді Нұрғалиев.
Мұндай жағдайда барреліне 110–115 доллар төңірегіндегі қазіргі деңгей сақталуы мүмкін.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
Бүгін 08:10 1
Екінші сценарийТағы бір сценарий – тұрақтану. Егер қақтығыс басылып, логистика қалпына келсе және шектеу алынса, мұнай бағасы анағұрлым "нарықтық" дәлізге – шамамен барреліне 75–90 долларға оралуы мүмкін, дейді сарапшы.
Үшінші сценарий"Бұл қазіргі нарықтық жағдайға барынша сәйкес келетін базалық баға диапазоны. Қазақстан үшін бұл, негізінен, өте қолайлы баға", – деп түсіндірді ол.
Жанат Нұрғалиевтің айтуынша, егер мұнай бағасы 70-75 доллардан төмен түссе, бұл қауіпті шек болмақ. Мұндай жағдайда экономикаға түсетін қысым күшейіп, теңге әлсірей бастайды.
Қазіргі доллар бағамы 460 теңге шамасында болса, ол 500-ге дейін жетуі мүмкін, ал баға одан әрі (70-тен төмен) құлдыраса, тіпті 530-ға дейін баруы ықтимал.
"Егер баға 70 доллардан төмен түссе, бұл Қазақстан мен бюджет үшін күрделі сценарийге айналады. Теңгенің әлсіреуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ 70 доллардан жоғары баға әлі де қолайлы деңгей екенін ұмытпау керек. Бұл жағдайда теңге экспорттық түсім, жоғары базалық мөлшерлеме және нарықта доллар ұсынысының артуы есебінен нығаюы да мүмкін", – деп түсіндірді экономист.
Бұл ретте әсері бірден байқалмайды: мұнай бағасының өзгеруі мен бағам реакциясы арасында әдетте уақытша кідіріс болады. Бұны ескеру маңызды, деп атап өтті Нұрғалиев.
Қай сценарий шындыққа жақын?Экономистің пікірінше, ең ықтимал сценарий – жоғары құбылмалық.
Анықтама: Баға құбылмалығы – бұл актив бағасының белгілі бір уақыт аралығында қаншалықты қатты және жиі өзгеретінін көрсететін көрсеткіш. Экономика мен нарықтарда құбылмалық әдетте белгісіздік кезеңдерінде, мысалы, геосаясат, дағдарыс немесе ірі ойыншылардың шешімдеріне байланысты күшейеді.
Экономист ең ықтимал сценарий жоғары құбылмалық болады деп есептейді. Оның айтуынша, мұнай бағасы жалпы белгісіздік аясында бірде көтеріліп, бірде төмендеп құбылып тұрады.
Дегенмен, оның болжамынша, күрт шарықтауды күтудің қажеті жоқ. Экономистің сөзінше, тек 2-5 пайыз шегінде қалыпты өсу мен төмендеу болуы мүмкін, содан кейін баға қайтадан қазіргі деңгейге – шамамен барреліне 110–115 долларға оралады.
"БАӘ көңілі қалды". ОПЕК тағдыры не болмақ?Экономистің айтуынша, қазір мұнай бағасына геосаясат, ең алдымен Иран төңірегіндегі жағдай мен Ормуз бұғазының жабылу қаупі қатты әсер етіп тұр.
"Біріккен Араб Әмірліктерінің АҚШ саясатынан және халықаралық ұйымдардың қызметінен көңілі қалды. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап ОПЕК-ке дейінгі халықаралық институттардың дағдарысқа ұшырап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан елдер бұл ұйымдарға және оларға мүше болуға бұрынғыдай мән бермейді", – деп есептейді Жанат Нұрғалиев.
Бұл ретте ОПЕК-тің ықпалы әзірге сақталып отыр, бірақ БАӘ-ге қатысты жағдай басқа қатысушылар үшін белгі болуы мүмкін. Олар альянсқа мүшеліктің не беретінін және онда қалудың тиімділігін мұқият бағалайды.
Бұл ОПЕК ішіндегі тәртіпті әлсіретіп, елдердің өзара келісу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Экономистің айтуынша, қазіргі басты фактор – ірі ойыншылар: АҚШ, Иран және Ресей, сондай-ақ Сауд Арабиясын қосқандағы Таяу Шығыс елдері арасындағы келісімдер.
Сарапшы БАӘ-нің ОПЕК-тен шыққаннан кейінгі қадамдарына көп нәрсе байланысты болатынын ерекше атап өтті. Егер ел өндірісті айтарлықтай арттыратынын жарияласа, бұл бағаға қосымша қысым жасауы мүмкін. Бірақ әсердің қаншалықты күшті болатыны тек нақты көлемдер туралы шешім шыққаннан кейін белгілі болады.
Нұрғалиевтің айтуынша, қазіргі мұнай бағасының өсуі БАӘ-нің ОПЕК-тен шығуымен емес, алыпсатарлық факторлармен және Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіспен түсіндіріледі.
Мұнай бағасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жай-күйіне және теңге бағамына әсер ететінін атап өткен болатын. Баға көтерілгенде әсері оң болады және керісінше.
Мұнай бағасының өсуі - бұл экономика үшін ғана тиімді емес. Қазақстандықтар үшін бұл басқаша сипат алуы мүмкін. Мәселен, көктемде БЖЗҚ шоттарында табыстылықтың төмендеуі тіркелді. Қазақстан Ұлттық банкі бұл шығын емес, теңгенің нығаюына байланысты инвестициялық табыстың азаюы екенін түсіндірді. Себебі қор активтерінің шамамен 40 пайызы шетел валютасында орналастырылған: доллар әлсірегенде табыстылық та төмендейді.
Жалпы алғанда, мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт ауытқуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.
Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдар негізінде есептеледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шығуына ұйым ішіндегі қордаланған келіспеушіліктер мен Әмірліктердің көңілінен шықпаған өндіріс шектеуі себеп болды деген пікір білдіргенін жазған болатын. Неге ел дәл қазір шығуға шешім қабылдады және бұл әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін мына сілтеме бойынша материалдан оқыңыз.