БАӘ ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын мәлімдеді

28.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ альянсынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ альянсынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, бұл шешім елдің ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес қабылданған және энергетика секторын дамытумен, сондай-ақ ішкі өндірістік қуаттарды арттыруға бағытталған инвестицияларды жеделдету жоспарларымен байланысты.

Абу-Даби тарапы ОПЕК құрамынан шыққаннан кейін ел сұраныс пен нарық жағдайларына сүйене отырып, мұнай өндіруді біртіндеп арттыруды жалғастыратынын мәлімдеді.

"Бұл шешім БАӘ-нің өндірістік саясатын, ағымдағы және болашақтағы қуаттарын мұқият қайта қараудан кейін, сондай-ақ ұлттық мүдделерді ескере отырып қабылданды", - делінген ресми хабарламада.

Мәлімдемеде бұл шешімге геосаяси тұрақсыздық, соның ішінде Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы жағдай, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді перспективада энергия ресурстарына деген жаһандық сұраныстың болжамды өсімі әсер еткені атап өтілген.

БАӘ билігі әлемдік энергия нарығының тұрақтылығы сенімді әрі қолжетімді жеткізілімдерге байланысты екенін, ал ел бұдан былай да жауапты және сенімді жеткізуші болып қала беретінін атап өтті.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

Кеше 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

Кеше 18:41 1

Сондай-ақ мәлімдемеде БАӘ-нің ОПЕК-ке 1967 жылы Абу-Даби әмірлігі арқылы қосылғаны, ал 1971 жылы мемлекет құрылғаннан кейін ұйымға мүшелігін сақтап қалғаны туралы еске салынды. Осы уақыт ішінде елдің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауда белсенді рөл атқарғаны атап өтілген.

Бұл ретте Абу-Даби ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шығу мұнай өндірушілермен және тұтынушылармен ынтымақтастықтан бас тартуды білдірмейтінін және әлемдік нарықтардың тұрақтылығына деген адалдығын өзгертпейтінін қадап айтты.

Бұдан бөлек, БАӘ мұнай мен газды, жаңартылатын энергия көздерін және төмен көміртекті шешімдерді қоса алғанда, энергетика секторының бүкіл тізбегі бойынша инвестиция салуды жалғастыру ниетін білдірді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью