Baby Tennis: балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

16.10.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астана қаласында Қазақстан Республикасы теннис федерациясы балалардың дене белсенділігін арттыруға және ерте жастан тенниске деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған Baby Tennis жобасын жүзеге асырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған жоба № 1, 11, 37, 58, 84, 89, 93, 98 балабақшаларында инновациялық жоба ретінде енгізілген. Басқа балабақшаларда да қосымша  теннис элементтері өтіп жатыр.

Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы теннистің қарапайым тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Допты домалату, лақтыру, қағып алу және ракеткамен бағыттау сияқты жаттығулар қол мен көз қимылының үйлесімділігін жетілдіруге, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға және зейінді шоғырландыруға ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге және қимыл-қозғалыс жаттығуларын қауіпсіз ортада орындауына жағдай жасауға ерекше мән беріледі.

Baby Tennis жобасы мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытып, дене қабілеттерін дамытуға, спортпен жүйелі айналысуға деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью