Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Көптеген сатып алушы сөредегі баға бір бөлек те, кассада тауардың қымбатырақ соғылатын жағдайына тап болып жатады. Мұндай кезде айырмашылықты қайтаруға бола ма және тұтынушы не істеуі керек? Бұл туралы Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кассадағы баға жоғары болса не істеу керек?
Еркебұлан Тағашовтың айтуынша, бағадағы айырмашылық дәл кассада тіркелуі тиіс. Сондықтан сатып алушыға, егер ол тауарды сатып алып қойған болса, фискалдық чекті сақтап қалу маңызды.
"Аталған субъектіні жауапкершілікке тарту үшін негізді міндеттеме болатын осы фискалдық чек арқылы біз оған қатысты шара қолдана алатынымызға сенімді болыңыз", – деді ол брифингте.
Егер сатып алушы баға айырмашылығын байқап, бірақ тауардан кассада тұрғанда бас тартса, дүкенді жауапқа тарту қиынырақ, себебі заң бұзушылық дерегін дәлелдеу қажет болады.
Айырмашылық қайтарыла ма?Департамент басшысы сатып алушы баға көрсеткішіндегі (ценник) құн мен тауардың нақты сатылған бағасы арасындағы айырмашылықты қайтара алатынына сендірді. Ол үшін сатып алу фактісін растайтын құжат – фискалдық чектің болуы маңызды.
Бұл ретте, 2025 жылдың маусым айынан бастап мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік нормалары өзгерді. Егер бұрын бизнес иесіне ескерту жасалса, енді оған айыппұл салынады.
Баға көрсеткіші мен кассадағы баға сәйкес келуі тиіс"Мен барлық тұтынушыларды баға айырмашылығы оларға қайтарылатынына сендіре аламын", – деді ол.
Тұтынушы тауар туралы шынайы ақпаратты, соның ішінде оның бағасы туралы мәліметті алуға құқылы. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 10-бабына сәйкес, сатушы мұндай ақпаратты беруге міндетті.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды
Кеше 18:00 1
Егер баға көрсеткішінде бір баға тұрып, кассада басқа баға соғылса, сатып алушы айырмашылықтың себебін түсіндіруді талап етіп, заң бұзушылықты тіркей алады.
Мұндай жағдайда дәлелдемелерді сақтап қалу маңызды. Мысалы, баға көрсеткішін суретке түсіріп алыңыз, суретте тауар мен көрсетілген баға анық көрінуі тиіс. Егер сатып алу жасалып қойса, фискалдық чекті сақтау қажет.
Сатып алушы не істеуі керек? Баға көрсеткішін суретке түсіріңіз. Тауар мен онда жазылған бағаны тіркеп алыңыз. Кассирге жүгініңіз. Баға айырмашылығы туралы хабарлап, әкімшіні немесе менеджерді шақыруды сұраңыз. Егер тауар жоғары бағамен соғылып кетсе, фискалдық чекті сақтаңыз. Егер дүкен мәселені шешпесе – тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына хабарласуға, сондай-ақ e-Otinish жүйесі арқылы өтініш беруге болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу