Баға өсіп, ұсыныс азайды: Қазақстандағы тұрғын үй нарығында не өзгерді?

03.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2025 жылдың аяғында Қазақстанда тұрғын үйлер күрт қымбаттады. Алматыда 1 шаршы метрдің орташа бағасы алғаш рет 820 мың теңгеден асты. Пәтер неге қымбаттап жатыр және 2026 жылы не болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі саралады.

2025 жылдың аяғында Қазақстанда тұрғын үйлер күрт қымбаттады. Алматыда 1 шаршы метрдің орташа бағасы алғаш рет 820 мың теңгеден асты. Пәтер неге қымбаттап жатыр және 2026 жылы не болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі саралады.

Бағаның өсуі және рекордтар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соның ең маңызды жаңалығы - қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға өсті.

Жылжымайтын мүлік сарапшысы Лев Тетиннің айтуынша, бұл өзгеріс 2025 жылдың қараша–желтоқсанынан бастап нарыққа әсер еткен: құрылыс компаниялары бағаны ертерек түзете бастаған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша баға өсімі орта есеппен 16,5 пайыз болды. Сарапшының айтуынша, Астанада бұл көрсеткіш 18 пайызға, ал Алматыда 20 пайызға жеткен. Бұл ретте Алматы абсолют рекорд орнатты: 1 шаршы метрдің орташа құны 820 мың теңгеден асып, Тетиннің айтуынша, нарық үшін тарихи максимум болды. Элиталық тұрғын үй сегментінде бағалар одан да жоғары шықты.

Сонымен қатар, сарапшы ҚҚС өсімге әсер еткен факторлардың бірі ғана екенін атап өтті. Оның сөзінше, негізгі рөлді үлестік құрылыс туралы заңдағы өзгерістер атқарған: олар ұсыныстың күрт қысқаруына әсер етті. Алайда соның аясында сұраныс тұрақты күйінде қалды: 2025 жылы мәмілелер саны 4 пайызға өсті, ал бір жыл бұрын өсім 17 пайыз болған.

"Ұсыныс азайып, сұраныс сақталса, 1 шаршы метр құнының өсуі сөзсіз", - деп түсіндірді Тетин.

Жаңа үйлер - басты драйвер

Қазір бағаның негізгі өсімі жаңа салынған үйлер сегментінде тіркеліп отыр. ҚҚС мен заңнамалық өзгерістердің әсерін алғаш сезінген де - солар.

"Жаңа үйлер баға өсімінің басты драйверіне айналды. Олардың артынан біртіндеп қайталама нарық та "ілесіп" келеді", - деді сарапшы.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасы, оның айтуынша, бөлек сценарий бойынша дамып жатыр. Кейінгі екі жылда ғана Астанада ол 48 пайызға қымбаттаған. Осындай динамика елдің басқа өңірлерінде де байқалады.

2026 жылы нарықта не болады?

Бағаның өсуіне қарамастан, сарапшының бағалауынша, тұрғын үй нарығының құрылымы сақталады. Ұсыныстың негізгі көлемі - шамамен 70–72 пайыз - бұрынғыша эконом және комфорт-классқа тиесілі болады. Бизнес-класс үлесі 15 пайыз деңгейінде, ал элиталық тұрғын үй үлесі 5–8 пайыз шамасында қалады.

"Жаппай сатып алушы - эконом-комфорт сегменті. Алдағы жылдары нарықты қалыптастыратын да - сол", - деп атап өтті Тетин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью