Бағасы 2 800 теңге: Астанада ет жәрмеңкесі ұзартылды

27.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы ет жәрмеңкесін тағы бес күнге ұзартуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қалада әр сенбі-жексенбі күндері "Соғым Fest" ет жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оны 31 желтоқсанға дейін тағы бес күні бойы өткізуге шешім қабылданып отыр. Негізгі мақсат - елордалықтарға жаңа жылдық үстелге ең арзан ет өнімдерін сатып алуға мүмкіндік беру.

"Жәрмеңкеге Ақмола, Түркістан, Павлодар, Абай және Қарағанды облысының шаруалары ет өнімдерін тікелей жеткізеді. Сәйкесінше баға әдәуір төмен болады. Мәселен жылқы еті келісіне 2800 теңгеден, сиыр еті 3000 теңгеден бастап, қой еті 3000-3200 теңге аралығында, қаздың еті келісіне 2500 теңгеден бастап саудаланады", - дейді министрлік мамандары.

Сонымен қатар ол жерде көкөністер, жеміс-жидектер, ұн, сүт өнімдері, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағамен сатып алуға болады. Ал картоп, пияз, сәбіз және жеміс-жидектердің ең төмен бағасы қойылып отыр.

Айта кетері, жәрмеңке таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы "Keryen Joly" сауда орталығының автотұрағында жұмыс істейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью