Бағдат Әшімова Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарда Асанәлі Әшімовті еске алды

03.03.2026

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақ кино өнерінің аңызы саналатын марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарға қатысып, өмірлік серігіне қатысты жүрекжарды естелігін бөлісті. Ол жұбайымен бірге өткізген жылдарын тебірене айтып, ел-жұрттың ықыласына алғыс білдірді. Кездесуден кейін әлеуметтік желіде көпшілік Бағдат Әшімованың парасаты мен сөзіне тәнті болғандарын жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ауызашар басында Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовпен бірге кешкен ғұмырын еске алып, сағынышы әлі де басылмағанын айтты. Айтуынша, бұл басқосуға арнайы шақырып, марқұмның көзін көрген жандардың басын қосқаны – үлкен құрмет.

«Ескінің салтымен “басыңыз ағарсын” деп, ағаңыз кетсе де ортадан қалдырмай шақырғаныңызға рақмет. Осында отырғандардың бәрі — Асекеңнің көзін көрген жандар. Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. “Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат” дейді ғой. 23 жыл 1 ай 3 күнім — менің қалған өміріме азық болып, жол салып кетті. Асекең 70-ке толғанда, “сол кісі жұтқан ауаны жұтсам разымын” деп етегінен ұстаған едім. Өзі елдің еркесі, халықтың абызы болды. Жас балаларға ананың орнын алып беріп кетті. Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында, оның көзін көрген халықтың алдында қызмет етемін. Артында қалған мұрасын аманаттай сақтаймын», — деді Бағдат Әшімова.

Кездесу соңында ол Сәкен Майғазиевке ақ батасын беріп, ризашылығын білдіргені де айтылады. Желі қолданушылары болса, Бағдат Әшімованың сөзі әсерлі шыққанын айтып, жылы пікірлер қалдырған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью