Бағдат Мусин: Жемқорлықпен күресте жасанды интеллектінің рөлі артады

10.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: gov.kz

Оның сөзінше, цифрлық технологиялар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан «Әділет» партиясы мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландырып, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және жемқорлықтың алдын алуға басымдық бермек.

«Біз жемқорлықтың салдарымен емес, оның пайда болу себептерімен күресуіміз керек. Ол үшін мемлекеттік процестерді барынша ашық әрі түсінікті ету маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллект осы мақсатқа жетудің негізгі құралы болуы тиіс», деді Бағдат Мусин.

Ол цифрландырудағы ең маңызды фактор технологияның өзі емес, оны енгізуге дайын басқару жүйесі мен басшылардың көзқарасы екенін атап өтті. Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызмет көрсету барысында адами факторды азайту арқылы ашықтықты қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

Мысал ретінде Бағдат Мусин көлік құралдарын тіркеу қызметін келтірді. Оның айтуынша, бұрын бұл рәсім ұзақ уақыт алып, түрлі кедергілер туғызса, бүгінде цифрлық сервистердің арқасында бірнеше минут ішінде орындалады.

Бағдат Мусин Президент бастамасымен іске қосылған цифрлық платформалардың халық мәселесін шешуде тиімді құралға айналғанын айтып, оларды жасанды интеллект мүмкіндіктерімен толықтыру қажеттігін жеткізді.

«Партия азаматтардың мемлекеттік басқару процестеріне қатысуын кеңейтуді де көздейді. Арнайы цифрлық платформа арқылы тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге атсалыса алады. Бұл өңірлердегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды жедел шешуге мүмкіндік береді», деді ол.

Сонымен қатар ол цифрлық трансформацияның табысты болуы үшін инфрақұрылымды дамыту маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету партияның басты міндеттерінің бірі болмақ.

Сөз соңында Бағдат Мусин жасанды интеллект саласындағы кадр даярлау мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі таңда «AI Sana» бағдарламасы аясында жүздеген мың адам жаңа технологияларды меңгеріп жатыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы оқытуды мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында кеңейтіп, цифрлық сауаттылықты миллиондаған тұрғынға қолжетімді ету қажет», деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетейік, бүгін елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр. Жиынға еліміздің барлық өңірінен келген 1 000-нан астам делегат қатысып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью