Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақ өнерінің көгінде тағы бір жарқын жұлдыз жануға әзір. Дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған, рух пен шеберлікті таразыға салған халықаралық вокалдық байқау – Роза Бағланова атындағы өнер додасы биыл да кең тыныспен қанат жайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан айтулы жоба екінші жыл қатарынан өнерсүйер қауымның назарын өзіне аударып отыр. Биылғы байқауға 150 үміткердің өтінім беруі – соның айқын дәлелі. Бұл – тек санның көрсеткіші емес, сапаның, сенімнің һәм шығармашылық бәсекенің жаңа белеске көтерілгенінің көрінісі.
Байқау шекара талғамайды. Қазақ даласынан бастау алған әуезді өнер додасына Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен де талантты жастар үн қосып, өнердің ортақ тіл екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Сәуірдің 8-інде өтінім қабылдау кезеңі тәмамдалып, қазір қатысушылар іріктеу сынынан өтіп жатыр. Онлайн форматта өтіп жатқан алғашқы кезең – талант пен дайындықтың сыналар шағы. Бұл кезеңде әрбір қатысушының дауыс мүмкіндігі ғана емес, сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі де жан-жақты сарапқа салынады. Ал мамырдың 13-інде өтетін офлайн кезең – нағыз өнер мерекесіне айналмақ. Іріктеуден сүрінбей өткен үміткерлер үлкен сахнада бақ сынап, көрермен жүрегін баурауға тырысады. Байқаудың шешуші кезеңі – 14 мамыр. Осы күні өтетін Гала-концертте жеңімпаздар есімі жарияланып, үздіктердің өнері көпшілікке жол тартады.
Айтулы жоба – ұлттың рухани мұрасын ұлықтайтын, Роза Бағланова сынды дара тұлғаның өнердегі өлмес ізін кейінгі буынға аманаттайтын тағылымды алаң. Халық қаһарманының есімімен аталуының өзі байқаудың мазмұнын тереңдетіп, маңызын арттыра түседі. Өнердің өрісін кеңейтіп, таланттың тамырын тереңге тартқан бұл бастама – ұлттық мәдениеттің мерейін өсіретін маңызды қадам. Байқауды ұйымдастырып отырған «Қазақконцерт» ұжымы осы арқылы жас дарындарға үлкен мүмкіндік ұсынып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Зерде • Бүгін, 08:52
Тұлға • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мирас • Бүгін, 08:45
Көрме • Бүгін, 08:43
Құқықтық сауатты арттыратын алаң
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40
Сана тазармай, дала тазармайды
Қоғам • Бүгін, 08:38
Театр • Бүгін, 08:35
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Қоғам • Бүгін, 08:33
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Медицина • Бүгін, 08:30
Тайм-менеджмент және талапты студент
Жастар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:25