Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Өз заманында жер мен елді қорғаған батыр бейнесі – бүгінде тасқа айналған жәдігер. Маңғыстау өңіріндегі қарағанды қызықтыратын көп жәдігердің бірі – Үстірт жазықтығының Бәйті құдығының маңынан археологтер тапқан мүсін үлгісіндегі біздің дәуірімізге дейінгі ІV–ІІ ғасыр жауынгерлерінің портреттері.
– Үстірт жазығында орналасқан Бәйті-3 діни табыну орны ХХ ғасырдың аяғында зерттелді. Бұл жерден 40-қа жуық адам бейнеленген балбал тастардың сынықтары, құрбандық тастар табылған. Балбал тастар батыр ата-бабаларының символдық мағынасын көрсеткен. Сондай-ақ үлкен тас құрылыс – ғибадатхана қалдықтары табылған. Бұл ескерткіштің диаметрі 19 метр, ішкі бөлмелердің биіктігі 3 метрге дейін. Құрылыстың сыртқы пішіні – күмбезді цилиндр, екі сатылы болып келеді. Күмбездің биіктігі 10 метрге дейін болған деп жорамалданады. Құрылыстың ішкі бөлмелері жоспарда дүниенің төрт бұрышына бағытталған, шаңбақ пішінді. Шаңбақтың ортасында кішкене дөңгелек залы орналасқан еденіне төртбұрышты құрбандық тас қойылған. Бәйті-3 діни табыну орны біздің заманымызға дейінгі V-I ғасырларда пайдаланылған. Ғимараттың ұзындығы 3 метр. Сыртқы қаптамалы қабырғасының құлап қалған қаланымдары мұқият өңделген, бiр-бiрiне қиюластырылған тас блоктары оның биiктiгiн 5 метр немесе одан да жоғары деп анықтауға мүмкiндiк бередi. Құрылыстың сыртқы формасы екi сатылық құрылымнан – цилиндр мен куполдан тұрады. Iшкi бөлмелер жоспары дүниенiң төртбұрышын нұсқаған жерiнде, айқыш сәулелер iшiнде еденге төрт бұрышты құрбандық шалатын тастан жасалған шағын от жағатын альтар қойылған дөңгелек залды құрайды, дейді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ «Археология және сәулет» бөлімінің маманы Жадыра Аманбекқызы.
Маманның айтуынша, 1993–1998 жылдар аралығында жүргiзiлген археологиялық зерттеулер нәтижесiнде табылған табиғи сом тастардан қашалған жауынгерлер мүсiндерi, оның антропологиялық ерекшелiктерi, ақинақ қанжарлары, қисық қылыштары, әшекейлерiнiң пiшiндерi бұл ескерткiштiң уақыты б.д.д. бірінші мыңжылдықтың екінші жартысына сәйкестiгiн дәлелдейдi. Ескерткiштiң сыртқы диаметрi 16 метр дөңгелек пiшiндi, iшкi бөлмелерi тепе-тең шаңбақ тәрiздi дүниенiң төрт бұрышына бағышталып орналасса, қабырғалары мен iшкi еденi шеберлiкпен өңделiп, бiр-бiрiне қиыстырылып құрастырылған. Ескерткiштер 2003 жылы жергiлiктi дәрежеде мемлекеттiк қорғауға алынды.
Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Зерде • Бүгін, 08:52
Тұлға • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мирас • Бүгін, 08:45
Көрме • Бүгін, 08:43
Құқықтық сауатты арттыратын алаң
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40
Сана тазармай, дала тазармайды
Қоғам • Бүгін, 08:38
Театр • Бүгін, 08:35
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Қоғам • Бүгін, 08:33
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Медицина • Бүгін, 08:30
Тайм-менеджмент және талапты студент
Жастар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:25