Бахтияр Мәкен: Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады

29.10.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкеннің айтуынша,  Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттер» атты Жолдауында баса айтқан «Заң мен тәртіп» қағидаты, ең алдымен, күнделікті өмірімізден көрініс табуы керек.

– Бұл тек полицияның немесе басқа да мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Бұл – әр адамның заңға, айналасындағы адамдарға және қоғам алдындағы жауапкершілігіне деген көзқарасы.

Әрбір адам өзін қауіпсіз сезініп, құқықтарының қорғалатынын және заңның бәріне бірдей екенін білуі маңызды. Сондықтан ішкі істер органдарының міндеті – қылмыстарды ашып, құқықбұзушылықтарға ден қою ғана емес, олардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату.

Сонымен қатар көп нәрсе адамдардың өзіне де байланысты. Заңды сақтап, өзгенің құқығын құрметтеп, құқықбұзушылықтарға бейжай қарамай, өз іс-әрекетіміз үшін жауапкершілік алсақ, еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға нақты үлес қосамыз.

Менің ойымша, шынайы тәртіп заңға деген құрметтен және әділдіктің баршаға ортақ екеніне деген сенімнен басталады. Қоғам мен мемлекет арасындағы сенім де осыған негізделеді, – дейді Бахтияр Мәкен.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью