Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Референдум учаскелері халықаралық талапқа сай жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шетелдік байқаушы Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасындағы референдумның №129 учаскесіне барып, елдегі жалпыұлттық науқан барысын бақылады.
– Біз Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға дайындық және оны өткізу барысын бақылау үшін келдік. Осы шақыру үшін Қазақстан тарапына алғысымызды білдіреміз. Астанада болған уақытта референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмысының барысымен таныстық. Бүгін біз тікелей дауыс беру процесін бақылап отырмыз. Көріп отырғанымыздай, референдумды дайындау және өткізу бойынша ауқымды әрі жүйелі ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілген. Учаскелік және аумақтық комиссия мүшелері референдум өткізудің барлық кезеңдері бойынша тиісті дайындықтан өткен. Бұл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аталған саяси шараға жоғары деңгейде және жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді, – деді Тәжікстан Республикасы Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы.
Сондай-ақ ол өз сөзінде қала тұрғындары бұл күннің маңызын түсініп, белсенді қатысып жатқанын айтты.
– Дауыс беру құқығына ие Қазақстан азаматтары сайлау учаскелеріне еркін әрі өз мүдделерімен келіп, ешқандай кедергісіз дауыс беріп жатқанын байқадық. Бұл референдум өткізудің негізгі қағидаттары – азаматтардың еркін ерік білдіруі мен ашықтық принциптерінің сақталып отырғанын айғақтайды. Азаматтардың учаскелерге ұйымдасқан түрде келуі де референдумға жүргізілген сапалы дайындықтың нәтижесі екенін көрсетеді. Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы өз болашағын, яғни елдің алдағы даму бағытын айқындайды. Өйткені Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және қоғам дамуының барлық негізгі бағыттарын белгілейді, – деді Бахтиёр Худоёрзода.
Сөз соңында шетелдік байқаушы Қазақстан халқының бірлігі нығайып, елде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық сақталып, мемлекетіміз одан әрі дамып, өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Референдум: Түркістан облысында туған күн иесі алғаш рет дауыс берді
Айта кетейік елдегі референдумды 38 мемлекеттен келген 359 байқаушы бақылап отыр.
Соңғы жаңалықтар
Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр
Референдум • Бүгін, 11:37
ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 11:36
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:36
Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:34
15 наурызда доллар мен теңге қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 11:30
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері референдумда өз таңдауын жасады
Референдум • Бүгін, 11:28
Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:25
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:23
Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр
Референдум • Бүгін, 11:21
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:20
«Алғашқы референдум» акциясы: Қазақстан жастары ел болашағы үшін таңдау жасады
Референдум • Бүгін, 11:18
Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ
Референдум • Бүгін, 11:15
Ұлытау облысының әкімі дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:09
Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді
Референдум • Бүгін, 11:05
Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды
Референдум • Бүгін, 11:00