Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Елорда әкімдігі
19-20 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өткен фестивальде 56 тонна қымыз ұсынылып, рекорд орнатылды. Келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен әкелінген қымыздың барлық түрінен дәм татып көрді.
«Біз еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден астам қымыз өндірушіні жинадық. Әрқайсысы кемінде 500 литрден қымыз алып келді. Олардың белсенділігі мен елордалықтардың қолдауының арқасында жаңа рекорд орнаттық. Егер фестиваль жұртқа ұнаса – біз оны жыл сайын өткізетін боламыз», деді BaiQymyz фестивалінің ұйымдастырушысы Жұмажан Қалтаев.
BaiQymyz-2026: фестиваль қонақтары тазалық акциясына атсалысты
Фестиваль тек гастрономиялық шара ғана емес, сонымен қатар қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын алаңға айналды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, фольклорлық музыка тыңдап, қолөнер жәрмеңкелерін аралап, көрмелер мен концерттерге қатысты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарқаралы өңірінде өткен «BaiQymyz» фестиваліне 20 мың турист қатысқан болатын.