Байтақ партиясы: Қалдық су қайта пайдалануға болатын ресурс

13.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жиынға мемлекеттік органдардың, бизнес пен өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ экологиялық қоғамдастық мүшелері қатысты. Тараптар табиғи су ресурстарына түсетін жүктемені азайту және тазартылған суды шаруашылық пен өндірістік айналымға қайта енгізу жолдарын талқылады.

Кездесуде сарқынды суды тазартудың заманауи технологиялары таныстырылып, оны Ақтөбе өңірінде қолдану мүмкіндігі мен өзара ынтымақтастық мәселесі пысықталды.

Қатысушылар суды «пайдалану – ластау – тазарту – төгу» қағидатынан «пайдалану – тазарту – қайта пайдалану» моделіне көшу қажеттігін атап өтті. Бұл бағыт өңірдің су ресурстарын тиімді басқару және тұрақты дамуы үшін маңызды екені айтылды.

Шымкентте экология мен салауатты өмір салты талқыланды

Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағында Құрылтай депутаттығына кандидат Алтай Ордабеков салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді тұрғындармен кездесті.

Кандидат «Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Жұрт қоршаған ортаның жай-күйі адам денсаулығына тікелей әсер ететінін алға тартып, бұл іске бейжай қарамау маңғызды деді.

«Таза ауа, сапалы ауыз су, қауіпсіз қоршаған орта – бұл әр азаматтың өмір сүруіне қажет негізгі қажеттіліктер. Сондықтан оған немқұрайлық танытуға болмайды. «Байтақ» партиясы экология саласындағы заңнаманы күшейтіп, табиғатты қорғау бағытындағы нақты жұмыстарды арттыруды ұсынады. Осы бағытта жұмысты күшейтпек», – деді Алтай Ордабеков.

Экологиялық тәрбие және ұстаздарды қолдау

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрултай депутаттығына үміткер Владимир Мартель Алматыдағы үгіт-насихат жұмысын жалғастырды. Ол №80 мектепке барып, педагогикалық ұжыммен кездесті. Іс-шараға 30-ға жуық мұғалім қатысты.

Жиында кандидат партияның негізгі жұмыс бағыты мен сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын таныстырды.

Пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұстаздар қауымы тосылып қалмады. Түрлі мәселені көтеріп, ұсыныс-ескертпесін ортаға салды. Атап айтқанда, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, мектеп аумағын абаттандырып-көгалдандыру сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мұғалімдерді әлеуметтік қамсыздандыру, зейнет жасын төмендету секілді өзекті түйткілдер де айтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью