Байтақ партиясының төрағасы: Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады

16.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

2026 жылғы 16 наурыз күні Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бұл – жаңа Конституция бойынша өткен референдумнан кейін ұйымдастырылған алғашқы маңызды жиын. Отырысқа Саяси кеңестің 19 мүшесі, партияның өңірлік филиалдарының 20 жетекшісі және 26 мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен аудандық филиалдардың басшылары бақылаушы ретінде онлайн форматта қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынды партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ашып, референдумның басты нәтижесіне тоқталды. Оның айтуынша, «Байтақ» партиясы Астанадан бастап ең шалғай өңірлік бөлімшелерге дейін жаңа Конституцияны бірауыздан қолдап дауыс берген. Бұл – партия мүшелерінің ортақ ұстанымы мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.

«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды

«Байтақ» – экологияны жай ұран емес, нақты саяси бағдарлама ретінде ұстанған партия. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауды алғаш рет конституциялық қағидат әрі әр азаматтың міндеті ретінде бекіткен жаңа Конституцияның қабылдануы партия үшін саналы әрі біртұтас шешім болды.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде жаңа мемлекеттік мерекенің маңыздылығына да тоқталды.

«Енді 15 наурыз – референдум өткен күн Қазақстан Республикасының Конституция күні болып жарияланды. Бұған дейін 30 тамызда аталып келген мереке тарих бетінде қалды. Бұл – терең символдық мәні бар шешім. Жаңа Конституция мұрағаттың тыныш бөлмелерінде емес, бүкіл халық келіп өз таңдауын жасаған күні дүниеге келді. Бұл – ел болып бірге қалыптастырған мереке», деді ол.

Сөз соңында партия төрағасы жаңа кезеңнің жауапкершілігін атап өтті.

«Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады. Ендігі міндет – сол негізді нақты заңнамамен толықтырып, оны өмірде жүзеге асыратын пәрменді тетіктер қалыптастыру», деді Азаматхан Әміртаев Саяси кеңес отырысының қорытындысында.

Жиын барысында референдум алдындағы кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Дауыс беруге дайындық кезінде партия еліміздің барлық өңірінде 500-ден астам кездесу, пікірталас және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды. Онлайн байланысқа шыққан өңірлік филиал басшылары жергілікті жерлерде партия мүшелерінің дауыс беру процесіне белсенді қатысқаны жөнінде баяндады. Талқылау қорытындысы бойынша партия алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын айқындады. Атап айтқанда, жаңа Конституцияда бекітілген экологиялық нормаларды нақтылайтын заң жобаларын әзірлеу және қоғамдық бақылауды күшейту негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді.

Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды

Соңғы жаңалықтар

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

Референдум • Бүгін, 15:18

«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Аягөздік әйел танысына сеніп 500 мың теңгесінен айырылды

Заң • Бүгін, 14:55

Жамбыл облысында әскери бөлім күзетшісі қарауыл бастығын атып өлтірді

Қоғам • Бүгін, 14:45

Астанада 15 жастағы жасөсіпірім жоғалып кеткен

Қоғам • Бүгін, 14:35

Енді астаналықтар Батумиге аптасына 3 рет ұша алады

Оқиға • Бүгін, 14:17

Қазақстанда 20 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 13:47

Ресей ОСК өкілі: Қазақстандағы референдум заң талаптарына сай өтті

Референдум • Бүгін, 13:40

Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады

Референдум • Бүгін, 13:35

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Руханият • Бүгін, 13:25

Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Мереке • Бүгін, 13:14

«Халық үні»: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді

Референдум • Бүгін, 13:06

ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті

Референдум • Бүгін, 13:00

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты

Әлем • Бүгін, 12:54

Польшадағы Еуропа кубогі: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5-орынға тұрақтады

Спорт • Бүгін, 12:46

Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті

Референдум • Бүгін, 12:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью