7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне жалпы құны 1 млрд доллар болатын үш өнеркәсіптік жоба банктерге берілетінін айтты.
– Қазір біз шамамен 1 млрд доллардың жобаларын беру жөнінде мәмілелер дайындап жатырмыз. Оның сыртында 3,5 млрд долларлық портфель әзірлеп болдық, – деді «Бәйтерек» басшысы.
Рустам Қарағойшин 1 млрд доллардың үш жобасы дайын, инвестициялық кезеңі аяқталған жобалар екенін айтты.
– Яғни бұлар – зауыттар мен фабрикалар. Сондықтан бұл жобалар пайдалануға беріліп, белгілі бір қаржылық ағын әкеле бастады. Сондықтан екінші деңгейлі банктер үшін бұл сенімді қарыз алушы, – деді ол.