Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Баку қаласындағы Әзербайжан ұлттық өнер музейінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорындағы туындылардан құралған «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Экспозицияда қазақстандық суретшілердің әр буынының шығармашылығын танытатын 30-ға жуық кескіндеме туындысы қойылған.
Экспозицияда Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Қанафия Телжанов, Нұрбек Таңсықбаев, Мария Лизогуб, Айша Ғалымбаева, Сабыр Мәмбеев, Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев және өзге де қазақстандық қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылған.
Пейзаж, натюрморт және тақырыптық картиналарда Қазақстан табиғаты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық болмыс пен адамның рухани әлемі көрініс тапқан. Көрмеге Әбілхан Қастеевтің «Медеу», сондай-ақ, Айша Ғалымбаеваның қазақы тұрмыстың шынайы болмысын айқын көрсететін «Апорт», «Дәмді шай» және «Қырықтықшылар» туындылары қойылған.
Әзербайжан ұлттық өнер музейіндегі көрме 31 тамызға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.