Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Аталған іс-шараның ашылу рәсіміне елшілер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Баку жұртшылығы және Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қатысты.
Мерекеде сөз сөйлеген Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Наурызды Каспий теңізі жағалауында атап өтудің бауырлас екі халық арасындағы мәдени және тарихи байланыстардың символына айналғанын атап өтті. Дипломат биыл тұспа-тұс келген Наурыз бен Ораза айттың түркі әлеміне ортақ құндылық екеніне назар аударды. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар Әзербайжан тұрғындарына Қазақстанның дәстүрлері мен заманауи жетістіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Елші Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы, сондай-ақ күллі түркі әлеміндегі қарым-қатынастарда жаңару, бірлік пен ынтымақтастық рухының үстем екенін жеткізді.
Фото: Серікбол ҚошмағанбетовӘзербайжандықтардың 20-22 наурыз аралығында Қазақстанның этномәдени мұрасымен танысуға мүмкіндігі бар. Мерекелік бағдарлама белгілі әртістердің, фольклорлық ансамбльдердің, балалар би ұжымдарының өнерін, қазақ және әзербайжан музыкасының үздік үлгілерін қамтыды.
Ерекше қызығушылық тудырған би нөмірлерінің қатарында «Қара жорға» флешмобы мен түркі халықтарын біріктіретін «Яллы» биі болды. Концерт «бұқаралық дискотекаға» айналып, Баку тұрғындары мен Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қазақ және әзербайжан әуендеріне бірге биледі.
Фото: Серікбол ҚошмағанбетовИнтерактивті бөлім қазақ және әзербайжан тілдерінің ортақ тамырларын зерделеуге арналған танымдық байқауларды, сондай-ақ ұлттық «арқан тарту» және «асық ату» ойындарын қамтыды.
Мерекенің маңызды бөлігі ою-өрнек салу және ұлттық әшекейлер жасау сияқты мастер-класстар болды. Дәстүрлі тағамдармен танысу да көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды. Қонақтарға мерекенің нышаны саналатын тағамдар — наурыз көже, бауырсақ, палау, жент және құрт ұсынылды.
Фото: Серікбол ҚошмағанбетовІс-шара аясында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Атап айтқанда, Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары Баку тұрғындарына Қазақстанға әуе билеттерін ұсынды. Бұл екі ел арасындағы туристік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Теңіз жағалауындағы іс-шаралар 22 наурызға дейін жалғасады және, ұйымдастырушылардың айтуынша, екіжақты мәдени диалогты нығайту жолындағы маңызды белеске айналады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда мен Алматыда мереке кезінде балаларға арналған қандай қызықтар бар екенін жазғанбыз.