Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мұндай хабарламалардың авторлары азаматтарға алты ай бойы төлем алу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуді ұсынады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл «схеманың» заңды негізі жоқ екенін және ол азаматтарды жаңылыстыратынын ресми түрде түсіндіреді.
— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады, сондықтан ол жұмыссыз деп танылмайды. Жұмыссыз мәртебесі тек нақты жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адамдарға ғана беріледі.
Сондай-ақ жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалатынын еске саламыз. Олар жұмыссыз ретінде тіркеліп, белгіленген талаптарды орындауы тиіс. Төлем алушы жұмысқа орналасқан жағдайда бұл туралы мансап орталығын уақтылы хабардар етуге міндетті. Егер жалған мәліметтер ұсынылса, төленген қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылатын болады, — делінген Еңбекмині таратқан хабарламада.
Министрлік сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу мақсатында әдейі жалған мәліметтер беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертеді. Осындай жалған нұсқаулықтарды тарататын тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал.
— 2025 жылы еліміздің 12 өңірінде алаяқтық фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Бес өңірде қазірдің өзінде 7 сот үкімі шығарылды. Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілердегі (соның ішінде Instagram-дағы) жарнамалық жарияланымдарға сеніп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемаларына тартылғаны анықталды.
Осыған байланысты азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдарға сенбеуге, жеке деректерін бөгде тұлғаларға бермеуге және ақпараттың тек ресми көздерін пайдалануға шақырамыз, — делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ референдум алдында жалған видеоматериалдар тарап жатқаны туралы жазған едік.