Бала тілінің кеш шығуына не себеп?

08.04.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мамандардың айтуынша, бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, екі жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал үш жастан асқан бүлдіршін іркілмей сөйлеуі қажет. Десе де, соңғы жылдары бала тілінің кеш шығу үрдісі белең алып отыр. Ойды жеткізудің формасы сөз екенін ескерсек, бүгінде балалардың еркін сөйлей алмауы қатарынан кейін қалумен қатар, қарым-қатынас жасауына да кедергі келтіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Логопед-маман Шолпан Аяғанқызы 1 жастағы бала былдырының естілмеуі мен 3 жастағы бала тілінің тұралауына жүктілік кездегі және сәби дүниеге келгеннен кейінгі факторлар әсер етеуі ықтимал екенін айтты.

«2 жас 8 айға толған бала жас мөлшеріне сай сөйлей алмаса онда арнайы диагноз қойылады. Ал оған ананың жүкті кезеңде ұзақ сырқаттануы, инфекция жұқтыруы мен күйзеліске түсуі көрсеткіш болуы мүмкін. Сондай-ақ босану кезіндегі шалыс әрекет сәбидің бас, ми бөлігін зақымдап, бала тілінің шала шығуына әсер етеді», деп түсіндірген маман жоғарыда аталған себептерден бөлек ата-ананың балаға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеуі де салдардың салмағын арттыратынын алға тартады.

«Баланың уақытын телефонмен толтыру әрі оны тыныштандыратын әмбебап құралдарға айналдыру да тұтас қоғамға тән көрініс. Виртуалды әлемге енген бала сөйлеуден кенде болады. Сонымен қатар телефонды ұзақ уақыт пайдаланған баланың миы да зақымданып, сөйлеу дағдылары кеш қалыптасуына ықпал етеді. Ал мәселеге тұқым қуалау тұрғысынан келсек, кеш тілі шығатын баланың отбасында ұқсас жағдайлар кездеседі. Десе де, ата-ананың баласымен жиі сөйлесуі, сұрақтарына толыққанды жауап беруі мен қысымсыз қарым-қатынас жасауы жағдайды өзгертпей тұрмайды», дейді Шолпан Аяғанқызы.

Логопед-маман жоғарыда аталған себептерден бөлек балдырған кезден бала алдында қос тілде сөйлеу немесе басқа ортаға бейімдеу де баланың ойын оңай жеткізу дағдысының алдын орайтынына назар аударды.

«Бүгінде отбасында қазақ тілінде сөйлейтін баланы орыс не ағылшын балабақшасына, мектебіне беру үрдісі жоқ емес. Бала сөзді құрсақтан тыңдап жататынын ескерсек, оның ана тілде сөйлеу алу мүмкіндігі көп. Ал енді бір тілде сөздік қоры толығып келе жатқан баланы жаңа тілдік ортаға жіберу оның сөйлеуін кешеуілдететіні сөзсіз. Жоғарыда сараптаған себептерден тыс нәресте қарапайым уілдемесе, 2 жасында сөзді айтып, 3 жасында сөздің басын құрай алмаса ата-ана міндетті түрде көңіл бөліп, сатылай невролог, психотерапевт, логопед, дефектолог қызметіне жүгінуі қажет», дейді ол.

Кейінгі кезде бала тілінің толық шықпауы, тіпті 6-7 жасқа дейін де жалғасып жатыр. Осыған байланысты баланы уақтылы мектепке беру мәселеге айналды. Астана қаласындағы Барлыбек Сырттанов атындағы №34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Қасымова соңғы он жылдықта мектеп табалдырығын аттаған баланың толық сөйлеу алмауы жиі байқалатын көрініске айналғанын атап өтті.

«Осыдан 10-15 жыл бұрын 1-сыныпқа келген балалармен кейінгі толқынды салыстырсақ арасы жер мен көктей. Сол кезеңде балалар бірінші сыныпқа келгенде сайрап тұратын, қазір балалар екі сөздің басын құрай алмай қиналатынын көзіміз көріп жүр. Сондай-ақ сөздік қорлары аз, суретпен жұмыс істегенде де ойларын толық жеткізе алмайды, мазмұндау деңгейі сын көтермейді. Бұған бірнеше себеп бары анық. Десе де, ата-ананың баламен жиі тілдеспеуі мен ата-әже қарамағында кең көсіліп, ертегі тыңдамауы да балаға кері әсер етіп отыр», деді ұстаз.

Қорытындылай келе, бала тілінің кеш шығуы – жеке отбасының ғана емес, тұтас қоғамның алаңдаушылығын тудыратын өзекті мәселе. Мамандар атап өткендей, оның астарында медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторлар қатар тоғысып жатыр. Алайда қандай себеп болмасын, баланың алғашқы сөйлеу дағдылары ең алдымен отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың көңілі мен тілдік ортаға тікелей байланысты екені анық.

Сондықтан баланың уақытын гаджетпен емес, мазмұнды тілдесумен толықтыру, оның әрбір сұрағына жауап беріп, ой бөлісуіне мүмкіндік жасау – бүгінгі ата-ананың басты міндетіне айналуы тиіс. Өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, баланың ойлау, тану және  тұлға ретінде қалыптасуының іргетасы. Ал сол іргетастың берік қалануы – ұлттың ертеңіне салынған сенімді инвестиция.

Соңғы жаңалықтар

Қытайда ЕҰУ стандарттарына негізделген жаңа институт ашылды

Білім • Бүгін, 16:57

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

Қоғам • Бүгін, 16:48

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

Қоғам • Бүгін, 16:25

Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Оқиға • Бүгін, 16:13

Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Медицина • Бүгін, 15:59

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбе облыстық филармониясының хоры Алматыда өнер көрсетті

Мәдениет • Бүгін, 15:47

Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді

Білім • Бүгін, 15:34

Жүлде қоры – 1 млн доллар: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино • Бүгін, 15:08

Қайырымдылық қаражатын жымқырған Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүр?

Қоғам • Бүгін, 15:05

Олжас Бектенов: Инфляция деңгейін төмендету саясаты жалғасады

Инфляция • Бүгін, 15:02

Мерекеде жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу талап етілді

Қоғам • Бүгін, 14:55

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Президент • Бүгін, 14:44

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Қоғам • Бүгін, 14:40

Астаналықтардың көлік салығы бойынша берешегі 7 миллиард теңгеге жетті

Елорда • Бүгін, 14:31

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Әскер • Бүгін, 14:15

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью