Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08.10.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай депутаттары балабақшаға кезекке қою жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі кезде баланы мектепке дейінгі ұйымға тіркеудің екі жолы бар. Егер балабақшада бос орын болса, бала бірден қабылданады. Ал орын болмаған жағдайда ол күту тізіміне қойылады.

Депутат Ләззат Қожахметованың айтуынша, күту тізіміне тұру үшін баланы алдымен басқа балабақшаға тіркеу қажет. Соның салдарынан мемлекеттік балабақшадан орын күткен ата-аналар баласын жекеменшік мекемеге тіркеуге мәжбүр болады.

"Нәтижесінде бала бір балабақшада тіркелгенімен, іс жүзінде басқа балабақшадан орын күтеді. Ата-аналар мемлекеттік балабақшадан орын алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін мұндай шартқа келісуге мәжбүр. Кейбір жекеменшік балабақшалар баланы іс жүзінде қабылдамай, тек құжат жүзінде тіркеп қояды", – деді депутат.

Оның пікірінше, баланың балабақшада тек тіркелуі емес, сол жерде нақты тәрбиеленіп, тиісті қызмет алуы негізгі өлшем болуы керек.

Осыған байланысты депутат бірнеше ұсыныс айтты:

ата-ана баласын басқа балабақшаға формалды тіркемей-ақ, өзі таңдаған ұйымның күту тізіміне тікелей қоюы;

бос орын пайда болған кезде балаларды ашық әрі түсінікті кезек тәртібімен қабылдау;

мемлекеттік қаржыландыруды баланың нақты балабақшаға барғанын және қызмет алғанын растайтын цифрлық деректер негізінде жүргізу.

Сонымен қатар Қожахметова формалды түрде тіркелген балаларды анықтайтын цифрлық бақылау жүйесін енгізуді және бір баланың бірнеше балабақшаға негізсіз тіркелуіне жол бермеуді ұсынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью