Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жекеменшік балабақшада тәрбиеші болып істейтін оқырман еңбек демалысын қай уақытта алуына болатынын сұрады.
Айтуынша, оның онда жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған.
– Жұмыс өтілі бір жылға толмай еңбек демалысына жібермеді. Биыл еңбек демалысын уақытынан бұрын алайын деп едім, кадр бөлімінің басшысы тағы да болмайтынын айтты. Сол дұрыс па?, – дейді оқырман Гүлжан (есімі өзгертілді – ред.).
Бұл мәселеге заңгер Тілеужан Кішкенебаев жауап берді.
Оның айтуынша, барлығы басшыға байланысты.
– Көп жағдайда қызметкердің жұмыс мерзімі бір жылға толмайынша еңбек демалысына жібере бермейді. Әркім өзінің белгіленген уақытында шығуы тиіс. Әр қызметкердің жұмыс процесіне кедергі келтірмеуі керек. Оның үстіне, басшылықтың келісімінсіз демалыс берілмейді. Сондықтан бәрі басшылыққа байланысты. Мысалы, кейбір мекемелер маусымдық кезеңде жұмысы көп болуы мүмкін. Қарбалас кезеңде басшы қызметкерлерін демалысқа жібермеуі де ықтимал. Кейде осындай түсінбеушілік туындамас үшін мерзімінен бұрын еңбек демалысына жіберіп алуы да мүмкін. Одан кейінгі жылдарда еңбек демалысын қалаған уақытында ала алады, тек басшылыққа екі апта бұрын ескерткені дұрыс, – деді Тілеужан Кішкенебаев.