Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қалай есептеледі

16.07.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды айқындау үшін оқу-жаттығу процесіне, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының еңбекақы төлеу қорына, спорттық киіммен және құрал-жабдықтармен, фармакологиямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ спорттық іс-шараларға арналған шығыстар ескеріледі.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сметалық қаржыландыру бойынша қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау мен жалға алу, коммуналдық, байланыс және көлік қызметтері бойынша шығыстарды өтемейді.

Оқу-жаттығу процесі келесі кезеңдерге бөлінеді:

спорттық-сауықтыру;бастапқы даярлық;оқу-жаттығу;спорттық шеберлікті жетілдіру;жоғары спорт шеберлігі.

Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу кезінде келесі жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

базалық лауазымдық айлықақы (БЛА);айлық есептік көрсеткіш (АЕК);үш дайындық кезеңіне бөлінген білім алушылар контингенті:

- бастапқы даярлық кезеңі (Ебд) – спорттық-сауықтыру мен бастапқы даярлық топтарына қабылданған білім алушылар;

- оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (Ежк) – спорт түрі бойынша мамандандыру мақсатында бастапқы даярлық кезеңін табысты аяқтаған білім алушылар;

- спорттық жетілдіру кезеңі (Есж) – спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған білім алушылар;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша мемлекеттік БЖСМ директорымен бекітілген оқу топтарының саны, мұндағы:

бастапқы даярлық кезеңі топтарының жалпы саны;оқу-жаттығу даярлығы кезеңі топтарының жалпы саны;спорттық жетілдіру кезеңі топтарының жалпы саны.

Бұйрық 2026 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью