Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Елде балалар құқын қорғау жөнінде заң жетілдіріледі. Оның үстіне биыл ішкі істер органдары жүйесінде «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» мәселесіне ден қойылған.
Арнайы ведомстволық жоспар да әзірленген. Ішкі істер министрі Үкімет отырысында кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қамту бойынша баяндама жасады. Олардың құқықтарын қорғау үшін аймақтық өкілетті органдар құрылады. Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек пен тәлімгерлік және отбасылық кеңес беру жайы қарастырылған. Сондай-ақ Ержан Сәденов жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысы күшейтілгенін айтты.