Балалар жазғы лагерьдің жай күйін видеоға түсіріп алған: басшылығы мен әкімдік не дейді?

02.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қостанай облысындағы жекеменшік балалар лагерінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда демалып жатқан балалар лагерьдегі санитарлық жағдайдың талапқа сай емес екеніне шағымданған. Бұл жағдайға облыстық білім басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысындағы жекеменшік балалар лагерінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда демалып жатқан балалар лагерьдегі санитарлық жағдайдың талапқа сай емес екеніне шағымданған. Бұл жағдайға облыстық білім басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лагерьдің видеосы

Әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы жазғы лагерьлердің бірінде түсірілген видео жарияланды. Балалардың айтуынша, лагерьдегі санитарлық жағдай талапқа сай емес.

Кадрларда ортақ әжетханалар көрсетілген.

Тағы бір видеода тот басқан ыдыстар көрсетілген. Болжам бойынша, олар аяқ жууға пайдаланылған. Сондай-ақ балалар крандардан су ақпайтынын айтқан.

Жазба астында ондаған пікір жазылған. Көпшілік балалардың тұру жағдайын тексеріп, төленген ақшаны ата-аналарға қайтаруды талап еткен. Ал кейбір қолданушылар лагерьдің жағдайын ата-аналар алдын ала тексеруі керек болғанын жазған.

Лагерь жағдайды қалай түсіндірді?

"Светофор" балалар лагерінің басшысы Ризабек Рашитұлы тілшіге әлеуметтік желіде тараған видеоларды маусымда бірінші ауысым кезінде кіші корпуста демалған балалар түсіргенін айтты.

Оның айтуынша, сол күні лагерьде кәріз жүйесі бітеліп, қиындық туындаған.

"Шамамен екі-үш сағат бойы кәріз жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді. Соның салдарынан әжетханада осындай жағдай қалыптасты. Кейін тазалау аяқталған соң, әжетхана жуылып, қайта пайдалануға дайындалды", – деді ол.

Рашитұлының сөзінше, осы оқиғадан кейін тазалық жұмыстарының кестесі қайта қаралып, құбырлар әр ауысым сайын міндетті түрде тазартылатын болған.

Оның айтуынша, лагерь 1982 жылы салынған. Өзі жалға алғаннан кейін инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту басталған. Алайда аумақ пен ғимараттарды қысқа уақытта толық жөндеу мүмкін емес болғандықтан, жұмыстар әлі де жалғасып жатқаны айтылды.

"Мемлекеттік органдар айтқан барлық ескертуді түзетіп жатырмыз", – деді лагерь басшысы.

"Ескертулер тізімі"

Қостанай облыстық білім басқармасы мәліметінше, "Светофор" – балалар демалысын ұйымдастыратын жекеменшік лагерь. Қазір ол жалға берілген.

"Жазғы маусымға дайындық кезінде білім басқармасының мониторингтік тобы лагерьге бірнеше рет барды. Атап айтқанда, 20 мамырда, сондай-ақ 12 және 14 маусымда тексеру жүргізіліп, басшылыққа міндетті түрде жойылуы тиіс ескертулер тізімі берілді. Оның ішінде әжетханалардың, ас дайындау блогының және жатын бөлмелердің жағдайына қатысты талаптар болды", – деп хабарлады басқарма.

Білім басқармасы мәліметінше, анықталған кемшіліктер толық жойылмағанына қарамастан, лагерь 12 маусымда Алтынсарин аудандық санитариялық бақылау органынан оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып, 14 маусымда бірінші маусымды бастаған.

Лагерь жұмысын бастағаннан кейін ата-аналардан балалардың тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар құзырлы органдарға түсе бастаған.

"Қарағанды облысынан келген балалардың ата-аналарының өтініштері бойынша білім басқармасы 16, 17 және 24 маусымда лагерьге барып, балаларды ата-аналарына қайтаруды ұйымдастырды", – деді басқармадағылар.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 17 маусымда Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті лагерь қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізе бастаған.

"Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталып, Алтынсарин ауданының бас мемлекеттік санитария дәрігері ас дайындау блогы мен оның қызметкерлерінің жұмысын шектеу, сондай-ақ бірнеше жатын корпустың қызметін уақытша тоқтату туралы қаулы шығарды", – деп хабарлады басқарма.

Алайда білім басқармасы мәліметінше, лагерь басшылығы бұл талаптарды орындамаған.

"Лагерь жекеменшік болғандықтан, білім басқармасы өз бетінше тексеру жүргізуге немесе оның жұмысын тоқтатуға құқылы емес. Басқарма тарапынан "Светофор" жекеменшік балалар сауықтыру лагерінің директорына анықталған заңбұзушылықтарды жою, балалардың тұруына, тамақтануына, медициналық қызмет алуына және қауіпсіз демалуына қолайлы жағдай жасау туралы ресми хат жолданды. Сонымен қатар облыстық прокуратураға, бала құқықтары жөніндегі уәкілге және Алтынсарин аудандық прокуратурасына да хаттар жіберілді", – деді ведомство.

Қазір бұл мәселе Қостанай облысының прокуратурасы мен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бақылауында.

Қазіргі уақытта лагерь жұмысын жалғастырып жатыр. Басшысының айтуынша, онда қазір 350-ге жуық бала демалып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью