Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтық әрекет әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай ауданының тұрғыны полиция бөліміне арызданып, банк есепшотынан қаражатының заңсыз шешілгенін хабарлаған.
Жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққаны белгілі болды.
Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың теңге жымқырылған.