Балаларды скринингпен қамту 90 пайыздан асты министр

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

- Инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасында медициналық көмекке қолжетімділіктегі теңсіздікті азайту және сапасын арттыру, интеграцияланған тәсілді және цифрлық құралдарды енгізу жөніндегі шаралар қарастырылған. Қабылданып жатқан жүйелі шаралар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді. Балалардың денсаулық жағдайына қатысты скринингтің 6 түрі, оның ішінде үшеуі перзентханаларда (пренаталдық, неонаталдық, аудиологиялық) жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысымен балаларды скринингпен қамту 25%-ға артып 93% болды. Аудиологиялық скрининг нәтижесінде анықталған толық есту қабілеті жоқ барлық 523 балаға құны 6 жарым млн теңгені құрайтын есту импланттары орнатылды. Екі жыл бұрын мұндай операциялардың 80%-ы 3 жаста жасалса, қазір 2 жасқа дейін жасалады. Бұл балардың ерте сөйлеу қабілетін қалыптастыруға және ерте дамуына үлес қосады, - деді А.Әлназарова.

Сонымен қатар министр офтальмоскрининг нәтижесінде көздерінде ақау анықталып, операцияны қажет еткен барлық шала туған 721 нәрестеге уақытылы ем жүргізіліп, көру қабілеті сақталғанын айтты.

- Сондай-ақ қабылданған шаралардың нәтижесінде жүкті әйелдерді скринингпен қамту 9%-ға, анықталу көрсеткіші 12%-ға өсті, ал туа біткен даму ақауларынан болатын мүгедектік деңгейі 7%-ға төмендеді. Соңғы екі жылда педиатриялық қызметті күшейту ерекше назарда. Быотыр емханаларда 372 даму әрі ерте араласу орталығы және 366 педиатриялық бөлімше ашылды, бұл қажеттіліктің 80%-ы. Жыл соңына дейін қалған облыстардың барлығында ашылады. Нәтижесінде, педагогикалық түзетуге жіберілу 2 есеге өсіп, 85 мың бала қарқынды бақылауда, - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігі кеңейтіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью