Балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі

30.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, балалардың интернетке қолжетімділігін реттеу, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған.

Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы заңнама жаңартылып, цифрлық қауіптердің алдын алу тиімділігін арттыру және қабылданатын шаралардың жүйелілігін қамтамасыз ету көзделеді. 

Айта кетелік «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландырылады

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью