Балаларға ана тілін тегін үйретеді

23.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астаналық мұғалім Еуропа елдерінде тұратын қазақ балаларына ана тілінен тегін сабақ беріп жүр. Білім алушылардың жас шамасы әртүрлі. Соған қарамастан, ол бір пәнде тақырыпты жан-жақты қамтып, оқушыларды бірден елітіп әкететіндей қызықты етіп өткізеді. Педагог бұл ісін – ұстаздық парызым деп біледі.

Гүлжазира Бекболатқызы – елордадағы №104 жалпы білім беретін «Келешек мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Германияға білім жетілдіре барған сапарында кейіпкеріміз сондағы қандастарымызды кездестіріп, олардың өз балаларына қазақша үйретуге құлықты екенін білген. Содан өзінің бар білгенін ақысыз бөлісуге шешім қабылдапты. Осылайша, қоғамдық ісін бастап кеткен.

«2023 жылы Еуропа сапарынан соң сонда тұратын қазақ балаларына  сабақ өткізу керек екен деген ой келді. 2024 жылдың 1 маусымынан бері осы волонтерлік міндетімді негізгі жұмысыммен қоса атқарып келе жатырмын. Әр жексенбі сайын уақытымды бөліп, Нидерланд пен Германияда тұратын қазақ балаларына ана тілінен онлайн сабақ өткіземін. Әрине, күнделікті қолданатын, көбірек тыңдайтын тілі сол өздері өмір сүріп жатқан елдердің тілі болғандықтан акцентпен сөйлейді, бірақ қазақша үйренуге ынтасы өте жоғары. Білімнің садақасы дейді ғой, мен мұны осыған дейін жиғанымның өтемі, мұғалім ретіндегі қоғамдық парызым деп білемін. Қазір бұл балалармен бірге қызықты кітап оқып жатырмыз», дейді Г.Бекболатқызы.

Педагогтің пікірінше, балалар кітапты тек оқып қана қоймай, армандауға, әрекет етуге ынталанады. Әр беттен өз өміріне керекті нәрсені алады. Осыған қоса оқушылар тарихи Отаны – Қазақстан туралы, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, шежіре, халық ауыз әдебиетін оқып, таным көкжиегін кеңейткен. Нәтижесі: шын ықылас, таза қызығушылық, көздегі от. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мұғалім өзінің мөрі басылған сертификат береді.

Кейіпкеріміз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған «Мені шабыттандыратын сабақ» атты жазбасында: «Бұл – жай сабақ емес, менде үміт пен рухты оятатын сағаттар. Олар алыста, мен экранның бергі жағында отырмын. Бірақ осы сабақтар бізді рухани жақындатып, бір тілде – қазақша армандауға үйретіп жатыр. Әр сабағымда оқушыларға қызықты тапсырмалар беремін. Әнұран мен өлең, жұмбақ пен жаңылтпаш, мақал-мәтел жаттау, шежіре ағашын салу, шығарма бойынша комикс, жұмбақтың жауабы мен тыйым сөздерді сурет арқылы бейнелеу, ертегіге рөлдік ойын, шығарма сюжеті бо­йынша ата-анамен сұхбат, тіпті қаржылық сауат терминдерін бейнеролик арқылы түсіндіру жұмыстарын функционалдық сауаттылыққа негіздеймін. Нәтижеміз жаман емес. Осы бір жарым жылда Германиядан Санжар мен Аида атты оқушыларым келіп кетті. Бұл балалар – менің шабыт көзім.  Олардың ынтасы – менің күшім», деп тебіренісін түйіндепті.

Г.Бекболатқызынан білім алып жүрген Сафия Серік үйренгені көп екенін айтады. «Гүлжазира ханымның сабағынан өлеңдер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер үйрендім. Бір сабақта жұмбақтар жасырса, келесі сабақта соның жауаптарына суреттер салдық. Тыйымдарды түсінгенімізді де сурет салып көрсеттік. Содан соң біз «бес асық» ойнап үйрендік», дейді оқушы. 

Ал енді бір оқушысы Аида Әбжекенова есіктің алдында тұрған адамның суретін салыпты. «Қызықты қазақ тілі» сабағында үйренген тыйымды осылай түсіндірген екен. «Бір жыл бойы сабаққа қатыстым. Маған ең ұнағаны – мұғалім берген Шон Ковидің «Бақытты балақайдың 7 дағдысы» деген кітап болды. Содан кейін біз сабақта ырым-тыйымдарды білдік. Есікті тебуге болмайды және көкті жұлуға болмайды. Қара лақ пен ақ лақ болып ойнап, тәртіпті болуды үйрендім. Театр қойдық, мен тырна болып ойнадым. Көп жұмбақ шештік. Ертегінің мазмұны бойынша сурет салдық», дейді.

Шетелде тұрып жатса да  ана тілін үйренуге ықылас танытқан балалар –өзіміздің қарадомалақтар. Ата-аналары шетте жүргенде туған тілін ұмытып қалмасын деп бергенін жоғарыда жаздық. Болашақта осы мақаламыздан біліп, оқуға ниеттілердің қатары көбейіп қалар, мүмкін өзге ұлт өкілдері де қосылар. Бәрінен бұрын кейіпкеріміздің бұл бастамасы – әр сағатын пәлен сомға бағалайтын нарықтық қоғамға қатты бейімделген, өз оқушыларына ақылы репетитор болатын кейбір әріптестеріне үлгі боларлық-ақ іс.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью