Балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 30 процентке өседі

17.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы 30 процентке өседі. Президент тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне көшіріледі. Соның есебінен жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын арттыруға мүмкіндік болады. Мәселен, қазіргі сметалық қаржыландыру жүйесінде бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөлінеді. Ал жаңа жүйемен бұл көрсеткіш 415 мың теңгеге дейін артады.

"Атап айтқанда, жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы лауазымдық жалақының 30 проценті мөлшерінде өседі. Қосымша төлем біліктілік тестілеуінен өткен және даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүргізетін жаттықтырушы-оқытушыларға беріледі", - дейді министрлік мамандары.

Қазіргі кезде республика бойынша 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Алдағы үш жылға 74 млрд теңге қарастырылған. Соның 1,8 млрд теңгесі жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысын көтеруге жұмсалады. Қалған қаражат БЖСМ-дердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балалардың жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуына, фармакологиялық қамтамасыз етуге, спорттық киім-кешек пен жабдықтар сатып алуға арналған.

Айта кетері, балалар спорт мектептеріне 5 жастан бастап қабылданады. Қазіргі кезде ондай мектептерде 398 342 адам бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью