Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілері балалармен жұмыс істеудің орнына Reels түсіріп, жариялауға көп уақыт жұмсауға мәжбүр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол мектепке дейінгі білім беруді дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengri Education.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілері балалармен жұмыс істеудің орнына Reels түсіріп, жариялауға көп уақыт жұмсауға мәжбүр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол мектепке дейінгі білім беруді дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengri Education.
Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін қабылданған заңдар мен берілген тапсырмаларға қарамастан, мектепке дейінгі білім беру саласында бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Соның бірі - тәрбиешілерге жүктелетін қосымша міндеттер.
"Тәрбиешілер Reels жариялап жүр. Сауалнама барысында бұл мәселе көтерілді. Тәрбиешілердің айтуынша, олар таңнан кешке дейін Reels-ті өздері дайындайды екен. Бұл мәселенің бар екенін көрсетеді. Мұндай материалдарды әзірлеу де біраз уақытты алады", - дейді депутат.
Анықтама: Reels - бұл Instagram желісіндегі қысқа бейнероликтер форматы. Әдетте мұндай роликтер таспада жылдам көру үшін музыка, монтаж, субтитрлер, эффект немесе дыбыстау арқылы дайындалады. Күнделікті өмірде Reels деп ұйымдар немесе қызметкерлер есеп беру, жарнамалау немесе жариялау үшін әзірлейтін әлеуметтік желілердегі кез келген қысқа бейнероликтерді атай береді.
Сондай-ақ мәжілісмен алты жастағы балаларды мектепке барғанға дейін балабақшадан шығармау туралы депутаттардың былтыр қабылдаған нормасын еске салды. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, егер бала қаңтарда 6 жасқа толса, мектепке баруға әлі бірнеше ай болса да, оны балабақшадан шығарып жіберуі мүмкін.
"Ол бала жазға дейін не істеуі керек? Ата-аналар оған тиісті күтім мен тәрбие қызметтерін әрдайым қамтамасыз ете алмайды", - деді депутат.
Мәжіліс мүшесі заңның бұл нормасы дұрыс орындалмай жатқанын немесе ішінара ғана іске асып жатқанын айтып, Оқу-ағарту министрлігі депутаттар қабылдаған заңдардың орындалуын бақылауы тиіс екенін мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, іс жүзінде бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Тиісті шаралар қабылдау қажет", - деп толықтырды ол.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу