Балаларым қорқынышсыз өмір сүргенін қалаймын : Тәуекел Мүсілім отбасы туралы айтты (видео)

01.11.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Актер Тәуекел Мүсілім журналист Алтын Меңдібаеваға берген сұхбатында бала тәрбиесі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер отбасындағы бала тәрбиесінде өзіндік ұстанымы бар екенін атап өтті. Айтуынша, балаларына «Кейін ата-анаңа көмектесуге міндеттісің» деген сөзді айтуды құптамайды.

«Бізді ата-аналарымыз кішкене басқаша тәрбиеледі. Оларға қарызбыз, міндеттіміз дегендей. Ал ұлдарымызға келетін болсақ, мен оны қаламаймын. Олардың маған қарыз, міндет деген ойлары болғанын қаламаймын. Оларға бұл жайлы мүлдем айтпаймын. Олардың дұрыс адам болуы үшін барымды салуға тырысамын. Ешқандай қорқынышсыз, комплекссіз өмір сүргенін қалаймын. Олар ер жеткен кезде “Олар бізбен бірге тұру керек” деген сөзді мүлдем айтпаймыз деп әйелім екеуміз келісіп алдық», – дейді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью