Балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған

09.11.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Абай облысында балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен әйел пәтерінің кілтін жоғалтып алған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ қызметкерлері пәтерде жабылып қалған бүлдіршіндерді құтқарды.

"Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласында бір пәтерде кішкентай балалардың қалып қойғаны туралы хабар түсті – анасы дүкенге шығып, пәтердің кілтін жоғалтып алған", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар шанц саймандарының көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді.

Абырой болғанда, іште қалған 2017 және 2025 жылы туған балалар еш зардап шекпеген.

Еске сала кетейік, Қызылорда қаласында үлкен ұлын мектепке ертіп барған әйел шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған еді. Көлік ішінде оның екінші баласы құлыпталып қалған.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барды. Олар арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью